Приветствую Вас, Гость · RSS
Сценарилер
Сайт мәзірі


Кіру мәзірі


Календарь
«  Октябрь 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031


09.10.2024, 07:26

«Кітапхана және оқырман»

Ашық есік күні

Өткізілетін уақыт: 09.04.2012

Уақыты сағ 11

Өткізілетін орын: кітапхана

 

Оқу залында «Жаңа кітаптар», «Бізің коледждегі кітап авторлары», және «Фолиант»  баспасынан  кітап көремсі ұйымдастырылған. « Кітап -  адамзат шежіресі» атты слайд-шоу көсрсетіледі.

 

1-жүргізуші: Кітап!  Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы

Білімнің сарқылмайтын балбұлағы,

 Ашқанда-ақ өткен күн мен  беттеріңді,

Келер күн көз алдыма кеп тұрады.

Армысысыздар ардақты ағайын, құрметті кітап сүйер қауым!

«Кітап және оқырман» атты  кітапхана мерекесіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Адамзат қоғамы тарихинда кітап бейне бір кәусар бұлақтай адамдардың рухани сусынын қандырып, жаны жадыратып келе жатқан таусылмас рухани құндылық негізі, бастау алар бұлақ көзі болып есептеледі. «жақсы –кітап ақылды адамның әңгімесі  сияқты», деп  классик жазушы Лев Толстой айтқандай, кітап оқырманға рухани  күш жігер, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге беретін  сарқылмас қазынамыз.  Кітап құндылығы жайлы дана халқымыз «Білімнің бастауы - кітап», десе, данышпан Абай «Артық ғылым кітапта,  ерінбей оқып көруге» дейді, ал ұлы драмматург Шекспир «кітап маған тақтан да қымбат» десе, Ал көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаев «Адамды адем еткен-Кітап,  адамзат еткен - Кітапхана», деп кітаптың құдыретін, оның мәртебесін одан әрі  асқақтатып көрсетеді.

1-жүргізуші:  Иә, кітап адамды өмір бойы қолдап жүретін қамқоршысы, ал Кітапхана- ғылым мен білімнің, даналық пен  дархандылықтың  киелі кеніші десек,  ал кітапханашылар осы қасиетті қара шаңырақтың  шын жанашырлары. Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі. Бүгінде кітапханаларда жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелейтін, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, олардың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыратын әртүрлі зияткерлік мәдени  іс-шаралар ұйымдастырылуда.  Міне, осы мақсатта біздің кітапхана оқырмандарға арналған  - Кітап мерекелерін өткізуді де  дәстүрге айналдырған.

2-жүргізуші: Биылғы жыл –еліміз үшін ерекше, мемлекетіміз үшін мерейлі жыл. Биыл мәдениетті қолдау жылы. Еліміздің мәдеиеті кітапхана табалдырыған басталады десек  артық айтқанымыз емес. Кітапхана беделі – кітап мерейі.

Ал кітапхананың беделін көтеретінде,  мерейін асқақтататында тамаша кітап авторлары . Ендеше Біздің колледж кітапханасының белсенді оқырмандары, білікті ұстаздары –  колледждағы кітап авторларын ортаға шақырамыз.

1 Чайжунусова Гулсім Жақиянқызы

2. Аухадиева Қырмызы

3. Дамитов Сайранбек.

 4. Тимур

 1-жүргізуші:  Алматының төрінде,  Алатаудың салқын бөктерінде  жатып кітап жазғанға не жетсін  Алматы  қашанда ән мен жырдың мекені, тума таланттар мен ғаламат ғажайып табыстар ордасы. Келесі әнімізді сұлу Алматыға арнаймыз:

 

Музыкалық номер : Алматы  туралы ән

2 -жүргізуші:

Арқа сүйер колледждің

Гүлсім апай мақтаны

Кітабын іздеп оқырман,

Таласып әрең тапқаны.

 Сіздің кітап шыққалы

Ұстаздарға базарлық.

Болашақта , жоспарда

Қандай іс бар жазарлық,- дей келе «Основы экономика» кітабының авторы Гүлсім Жақиянқызын ортаға шақырамыз. (сөз сөйлейді)

 

1 -жүргізуші: КВН

 Қазақстан нарығын

Дамитовпен бағала

Кітабына ағайдың

Сұраныс көп қалада

 

Менеджмент саласын

Ту ғып ұстап келеді

Шәкірттері ағайдың

мақтанышпен ереді.

 Менеджмент кітабының авторы Дамитов Сайранбекке сөз береміз.

2 Жүргізуші: Қазақстан экономикасы туралы  өлең оқылады

1 Жүргізуші:

Сұрақтар оқушылар, оқырмандар арасынан

2 Жүргізуші:

 Химияны қызықтап,

Құпиясын таныған,

Қырмызы апай тексеріп,

Жолын ашты арыдан.

 

Химиның қыр-сыры

Ашылмаған ғаламат

Ғылым жайлы сөз қозғап,

Сыр шертіңіз саралап...

  Қырмызы апайға сөз беріледі,

 

1 Жүргізуші:

Өзі жақсы, өзі жас,

Колледждің мақтаны.

Еңбектерін жинақтап,

Кітабы шығып жатқаны.

 

Ғылым мен еңбек жолында

Тер төгеді аянбай.

Кітаптарыңыз жөнінде,

Сөз сөйлеңіз баяндай- дей келе Тимур ағайға сөз беріледі.

 

Құрметті оқырмандар! Сіздер бүгінгі санамызды компьютер билеген , интернет дәуірінде жастардың бетін кітап оқуға бұрып, ықыласын кітапханаға аудару  мақсатында ұйымдастырылып отырған «Кітап және оқырман»   атты  кітап мерекесін белсене отырып жоғары дәрежеде өткізуге белсене қатысуға шақырамыз.

 Кітап мерекесі аясында үздік оқырмандардың шығармашылық, еңбектерімен танысуға шақырамыз