Приветствую Вас, Гость · RSS
Жұмбақтар
Сайт мәзірі


Кіру мәзірі


Календарь
«  Апрель 2026  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930


12.04.2026, 05:44

. "Ойлан тап” жұмбақ жарысы.
1. Сырты ескіргенмен
Іші ескірмеген.
2. Жаңа ғана қаланды
Балалар ағып барады.
3. Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ сөйлейді.
4.Бес жанды бір жансызға мінгескен,
Айналып ақ тақырдан із кескен.

5. Бір атадан туыпты 29 баласы,
Бірлігінде, бұлардың ешкімнің жоқ таласы.
Бірігіп жүріп іс қылар, өзің ойлап қарашы

6.Ат мініп қара-ала аяқ қаздақтатып,
Жүргенде жол салады сабандатып.

7. Дүниеде бір құдық бар қайнап жатқан,
Ішінен су шығады мың сан батпан.
Сол құдық сондай-ақ көп болса дағы,
Бетіне бетегесі шығып жатқан

8.Келеді сапар тартып алуан жолдан,
Тамаша қызығы көп түспес қолдан,
Қызығын оқысаңыз тамашалап,
Қаласың хабарласып барлық жайдан.

9.Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық,
Қарасаң басқан ізі қисық-қисық.
Өзі жансыз, жандының күшіменен
Борайды ат үстінде желдей есіп.

10.Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көл көрдім, өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін.