Приветствую Вас, Гость · RSS
Ұстаздар шығармашылығы
Сайт мәзірі


Кіру мәзірі


Календарь
«  Октябрь 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031


09.10.2024, 09:17

Ұмтыл Балам!

 

Әр адамның бұл өмірде көтеретін жүгі көп,

Сол салмақты көтерсем деп, әлінше әркім жүгіред.

Өзін-өзі жанып жүрсе, өз-өзіне ұмтылса

Әрбір адам- адам емес , әрбір адам-құдірет!

 

Ұмтыл балам, мынау заман ғарыштарға самғаған

Мұратына жетер адам , жолын дұрыс таңдаған.

Еріншек пен ұйқышылдың  қалған күні қараң боп,

Жете алады жеңісіне тек қажырдан танбаған.

 

Қажыр керек, жігер керек, қиындықты жеңетін,

Ал, қиындық сәт  сайынғы қара бұлт төнетін.

Жылап қалсаң, ширап алда ұмтыл қайта алдыға,

«Сәбиге де жыламаса емшек қайда еметін».

 

Көтеріп жүр, өр кеудеңді тұрған кезде жан етте,

Толып солып тұрары хақ, тіршілікте сан өкпе.

Ешкімге де қолды жайма, ойлан дағы еңбектен,

Байлық тастап  кетер ме деп менен де сен дәметпе.

 

Менен  қалар  бар байлығым.- зәредейін ақалым,

Мен кеткен соң жаныңдағы інің ғана-жақының.

Мықты болсаң, жанның бәрі жүрер сенің қасыңда,

Осал болсаң, миыңды әлі ашытады қатының.

                                                

                          Әбдібек Әбдіманапұлы.

Мұғалімдер мен оқушылар, студенттер мен оқытушылар, оқушылар мен олардың ата-аналары жайлы күлдіргі әңгімелер

Мектептің тұсынан өтіп бара жатқан әкесі жанындағы баласына:

         - Сен осы мектепте оқисың ғой, иә дейді.

         - "Иә" дейді баласы.

         - Осыдан 20 жыл бұрын мен де осы мектепте оқығанмын.

         - Ә, онда директордың маған кеше неге олай дегенін енді ұқтым.

         - Директор не деді?

         - "Дәл сендей топасты көрмегеніме 20 жыл болды!" деді....