Приветствую Вас, Гость · RSS
Олендер
Сайт мәзірі


Кіру мәзірі


Календарь
«  Октябрь 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031


09.10.2024, 09:21

Кітапханада

 

Ақырын бас аяғыңды

Тықырлатпа таяғыңды.

Түкірме де түшкірме де

 Тамағыңа таяп үнді.

 

Қара, қалқам, маңдайыңа,

Жолдасыңа ағайыңа.

Жүрген жоқсың бақша аралап,

Кірдің білім сарайыңа.

 

Мұнда небір дарын да отыр,

Ақ сақалды ғалым да отыр.

Көз жүгіртіп келешекке,

Жас қарындас жаныңда отыр.

 

Сақтау керек саған әдеп,

Кісіге тек қарама көп.

Көпшіліктің көңілін бөлу

Қашаннан де жаман әдет.

 

Бұл қастерлі- кітапхана,

Мұнда бары кітап қана,

Ғылым іздеп келгеннен соң,

 Алаңдама кітап қара.

Кітапханашы

Кірдің бе кітапханаға,

Қызықты кітап оқуға?

Сіңіріп мәнін санаға

Көңілге мықтап тоқуға?

 

Күлімдеп кітапханашы

Қарсы алар жылы жүзбенен.

Өзіне жайлап қарашы

Осындай болсын қыз деген.

 

Береді тауып табанда,

Кітабың болса іздеген.

Жаныңа жақын  әманда,

Осындай болсын қыз деген.

 

Қатар да қатар тізілген

 Кітаптар легін қарайды.

Маржанын теріп сүзумен

Оқуыңды ол қалайды.

Кітап жаршысы

 

Бақытты мына заманда

Кітапқа құмар бар кісі.

Маған  да керек саған да

Қызықты «Кітап жаршысы»

 

Қадалар отты жанарың,

Кітаптың көп сәндісі.

Бәрінің беріп хабарын,

Келеді «Кітап жаршысы».

 

Шығарма әрбір, әлбетте -  

Сан қилы өмір талқысы.

Айтады соны әр бетте

Кәдімгі «Кітап жаршысы».

 

Роман, дастан, повестер...

Қайсысы нәрлі, мәндісі?

Сол жайлы жақсы кеңестер

Береді «Кітап жаршысы».

 

Оқитын болса қол үзбей,

Бала ма мейлі шал кісі,

Танымал терең теңіздей

Береді «Кітап жаршысы».

 

Қанатын қағып, әрине,

Секілді сұлу таң құсы,

Қонақтай берсін әр үйге

Қадірлі «Кітап жаршысы».